Алексей Боголюбов. «Венеция көрінісі. Дожа сарайы»
Бүгін сіздердің назарларыңызға Венецияның бір бұрышына саяхат жасау мақсатында Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің экспозициясындағы танымал орыс кескіндемеші Алексей Петрович Боголюбовтің (1824-1896) «Венеция көрінісі. Дожа сарайы» атты жұмысы ұсынылуда. Алексей Петрович XVIII ғасыр жазушы және публицисті А.Н. Радищевтің немересі Новгород губерниясының Померанье ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған Алексейді Жасөспірімдер…