Бүгін сіздердің назарларыңызға Венецияның бір бұрышына саяхат жасау мақсатында Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің экспозициясындағы танымал орыс кескіндемеші Алексей Петрович Боголюбовтің (1824-1896) «Венеция көрінісі. Дожа сарайы» атты жұмысы ұсынылуда.
Алексей Петрович XVIII ғасыр жазушы және публицисті А.Н. Радищевтің немересі Новгород губерниясының Померанье ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған Алексейді Жасөспірімдер кадет корпусына оқуға береді. Ол жерден Теңіз кадет корпусына ауыстырылып, мичман мамандығымен аяқтайды. Кадет бола тұра, ол кескіндемеге қызығушылық артады. Кейін Алексейдің жұмыстарымен танысқан герцог Максимилиан Лейхтенбергский оған кескіндеме өнеріне терең көңіл бөлуін ұсынды. 1850 жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық көркем академиясына түсіп, оны алтын медальмен тәмәмдаған. Көркем-өнер жолында негізгі білімді В.П. Виллевальде мен М.Н. Воробьевтан алды. 1854-1860 жылдары шетелде: Женева, Париж, Дюссельдорфта жұмыс істеді. Константинополь, Рим, Женева көліндегі Шиньон қорғаны көрінісі үшін академик атағын иеленген (1858), кескіндеме профессоры (1860). Теңіз бас штабының болашақ офицері жиі теңіз бетіндегі әскери соғыстар бейнеленген картиналарын тапсырысқа орындаған.
Суретші бұл туындыда бірнеше ғасыр бойы өз құндылығын жоғалтпаған әлемнің ең ғажап өлкесін бейнелеген. Бұл аса көлемді теңіз алаңы — Бачино ди Сан Марко. Теңіз алабының дәл ортасында есігін айқара аша орналасқан сәулет жауһарлары Венецияның алтын қазынасы Дожа сарайы мен қолжазбалардың кітапханасы Сената орналасқан. Сарайдың ар жағынан Әулие Марк Соборының күмбезі қылаңдайды. Солға қарай көз салсаңыз, қаланың оба ауруынан құтқаруылуына орай салынған Санта Мария делла Салуте шіркеуі орын алады. Шебер суретшінің түн мезгілін бейнелеп отыр тынштық, жарқыраған шам жарығы мен картина бетіне жол болып жайылған ай сәулесі картинаны жандандырады көрік береді..
Орындаған: Кіші ғылыми қызметкер Абешова Ж.Ж.