Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі қорында Қазақстандық суретшілерінің ішінде қазақ өмірін, қазақ жерін, салтын, дәстүрін кенеп бетіне түсірген суретшілердің саны өте көп. Оның бірі Камиль Махмудұлы Шаяхметов болып табылады. Көкшетау жерінің тумасы 1928 жылы дүниге келіп. 1943 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем училищесіне түсіп 1948 жылы тәмәмдайды. Кейін Ленинградтағы Репин атындағы көркем академиясында 1950-1956 жылдары оқыған. Ю. Непринцев и М. Авилов сияқты ұстаздардан білім алған. Академияны кескіндемеші квалификациясымен аяқтайды.
Уақыт өте келе Қазақстанда кескіндеме өнерінің өзгергенін, жаңа элементтер мен стильдердің еңгізілуінен байқауға болады. Мәселен, ХХ ғасырдың басына дейін Қазақстан халқы арасында кескіндеме ұлттық киім, құралдар мен тұрмыстық заттарды безендіру түрінде келсе, ХХ ғасыр ұлттық кескіндеме мектебінің құрылуы мен қалыптасуы болып саналады. Дәл осы кезеңде суретші Камиль Шаяхметов өзінің ең танымал шығармаларын жазды.
Өз мансабының жаңа кезеңінде, ғасырдың ортасында, шеберханадағы әріптестерімен бірге Шаяхметов қазақ даласы мен ауылының өміріне бет бұрды. Суретші 1930-1940 жылдардағы көрнекі суреттерден кейін, 1950-1960 жылдардағы қазақ өмірін шынайы қабылдай біліп, арасында көпір салғандай болды. Шынайы позитивті, жоғары сезімге толы әлемді көрсетіп және өмірді ашық күн сәулесіне көмілтекен. Бұл туралы бүгінгі күні музей қабырғасында ұсынылған Камиль Махмудұлының 1956 жылы жазылған «Жеңімпаздар» атты дипломдық жұмысы баяндайды. Мұнда кескіндемеші шығармашылығының негізгі ерекшеліктерін анықтады: қоршаған оптимисттік өмірді эмоциялық қабылдау, жұмсақ лиризм, сұлулық сезімі, табиғат пен адамның үйлесімін көрсетті. Суретшінің туындыларынан көрермен әрдайым өзіне жақын жанды таба білді. Міне, бүркітші-жеңімпаз; оның қасында тұрған қыз және марапаттау рәсіміне мұқият қарап тұрған жас бала. Барлық фигуралар бір-біріне ұқсайды, композициялық диагональдарға «таңылған». Мұның бәрі адам санының көп екенін көрсетуге жасалған ұмтылыс.
1958-59 жылдары Камиль Шаяхметов тарихи және революциялық тақырыпта жұмыстар жазды. Мысалы «Тоқаш Бокин байлардың малын тәркілейді» атты картинасында күрделі психологиялық мәселелердің шешімін сипатталған.
Әртүрлі шығармашылық кезеңдерде Камиль өзінің туындыларында сұлулық идеалдарын, пейзаждың нәзік рухани құрылымын, портреттерінде кейіпкерлерінің даналығы мен зеректілігін жеткізуге ұмтылысын сақтап, Қазақстанның әртүрлі аймақтарының көптеген эскиздерін құлшыныспен жаза білді.
Суретшінің шығармашылығының соңғы кезеңі, уақыттың жаңа тенденцияларын жинай отырып, үлкен лапидарлығымен және сәнділігімен ерекшеленеді.
Камиль Махмудұлы Шаяхметов Кеңес Одағы Суретшілер одағының құрметті мүшесі, сонымен қатар Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Оның жұмыстарының көбі ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ұсынылған.