Новости

   Продолжаем разговор о прикладниках и ювелирах города в рубрике «Городские ремесленники»…

   Қолөнер шебері, суретші–дизайнер Сәкен Назарханұлы.

   Дала өркениетінің айшықты бастау болып табылатын -ұлтық қолөнеріміз, бүгінгі таңда қазақстанның әр аймағында өз ортасының дәстүрлі ұстамдарына сай дамып, өркендеп келетіндігі сөзсіз. Осы серпілісте Шығыс Қазақстан шеберлеріде, көне өлкемізге тән өнегелі өнер болмысын өз бойтұмарындай сақтап, өркендеудің мәдени байланыстарын жылдан жылға арттырып келетіндігі көңіл қуантады. Олардың қолөнер  туындыларынан өткен тарихымызбен дәстүрімізге деген құрмет және ұлттық болмысымызды жеткізудегі ұмтылыстарын сезіне аламыз. Осы тұрғыда ұлттық өнеріміздің сарқытын сақтап, оның жасалу түр -пішіндерін заман сұранымына сай зерделеп, дамытып келе жатқан Семей өңірі шеберлері де аз емес. Қазіргі таңда осы өнер жолында металл, ағаш, сүйек, тері секілді табиғи шикізат көздерін өз қолөнерінде жан–жақты зерделеп дұрыс қолдану жолдарымен шеберліктің үздік тәсілдерін жетілдіріп жүрген, Абай ауданы Саржал еледі мекенінің тумасы суретші-дизаинер Сәкен Назарханұлының шеберлігі туралы айтуға болады. Шебердің аралас әрі күрделі туындыларының ішінде, көруші көзге рух сыйлар, батырдың бес қаруы топтамасына енген- садақ, найза, қылыш, қалқандары өзіндік шығармашылық мәнері бар,эстетикалық жинақылықпен орындалған эксклюзивті туындылар. Сонымен қатар, шебер қолөнер коллекцияларынан қазақ халқының этно-тұрмыстық мәдени сипатын ашатын дәстүрлі саз аспаптарының түрлерімен ыдыс-аяқ, үй жиһаздарын көруімізге болады. Бұлардың қай-қайсысын болмасын өзінің бастапқы шынайылығы сақтала отырып, заманауи өңделіп жеттілдіру жолдарымен орындалғаны байқалады. Осы жерде шебер; ожау, кесе-тостағандармен  саз аспаптарын жасу кезінде, оған қолданылатын ағаш материалдарын талғаммен таңдай білуді жөн деп санайды. Ал дайын болған туындыларды кептіру, өңдеу процестерінен басқа оның сапалы әрі реңді шығуына — майлау, өрнектеп балауыздау жолдарына аса мән беруді ұсынуда. Ал теріден жасалған ат әбзелдерімен қатар, қорамсақ,қалқан безендірілуінен, шебердің өзіндік  рухани ізденістерімен орындалған ерекше эстетикалық жинақы туындылар болып табылады. Кейбірнің әрлену стилінен, ұлттық болмысымызыдың нышанды таңбаларымен, дала өркениетінің сарыны сезілетіндей ерекше дизайнды байқауға болады.

   Сәкен Назарханұлы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің түлегі. Осы күндерге дейін, ұлттық өнерімізді ұлықтап дамыту жолында қалалық, облыстық және республикалық көлемдегі ауқымды көрмелерге белсенді қатысушысы. «Қазақстан Еуразиялық дизайнерлер Одағы» мүшесі,«Үздік дизайнерлік шеберлігі үшін» медалімен марапатталған.

   Шебер осы өнер керуенімен талай көрмелерге, яғни, 1996 жылы, ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі «Күзгі салон» Семей суретшілерінің көрмесі, 2015, 2016, 2018 «Қазақ қолөнершілері мерекесі» атты ІІІ, ІV, V-ші аймақтық фестивальдары, 2002 жыл, Алматы қаласында өткен Қолөнер кәсібінің Орталық-азиялық көрме-жәрмеңкесіне сонымен қатар 2005 жыл Астана қаласы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Абайдың 160 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесі шараларына қатынасқан.

   Сәкен Назарханұлының қолынан шыққан,көпқырлы  дәстүрлі қолөнер туындылар,Семей қалалық өлкетану және «Абай атындағы мемориялдық-қорық  музейлері» экспозицияларында және Қазақстан, Жапония, Ресейдегі жеке коллекционерлердің жинақ қорларында сақтаулы.

   Мақала авторы: Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, «Ағарту және маркетинг бөлім жұмысы» қызметкері Әлия Әбілханқызы.